«Бұл тағы бір сынақ болды». Сергей Морозов UFC-дағы үшінші жеңісіне қатысты пікір білдірді
Қазақстандық файтер Сергей Морозов (19-5) UFC турнирінде америкалық Джорни Ньюсонды (10-4) жеңген жекпе-жегііне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
- Сіз 16 рет тейкдаун жасадыңыз. Таңқаларлық көрсеткіш! Жекпе-жектен алған әсеріңіз қандай.
— Әлхамдулиллах, жақсы дайындық болды. Қазақстанда және <span>American Top Team командасында дайындалдым</span>. Мен өзімді өте жақсы сезінемін.
– Тамаша шайқас өткіздіңіз. Сізді қашан октогонда қайта көреміз?
– Өздеріңіз білесіздер, мен мықты жігіттермен жұдырықтастым – олардың барлығы үздік 15-те болды. Мен үшін бұл тағы бір сынақ болды. Алла Тағаланың қалауымен абыроймен өттік, жеңдік. Мен кез келген сынаққа кез келген уақытта дайынмын! Әлі толық ашылып, бар қабілетімді көрсете алмағанымды сезінемін.