Қысқы

Шорт-тректен Қазақстан әйелдер құрамасы Әлем кубогы кезеңінің А финалына жолдама алды

Шорт-тректен Қазақстан әйелдер құрамасы Әлем кубогы кезеңінің А финалына жолдама алды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан әйелдер құрамасы шорт-тректен Алматыда өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің А финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

3000 метрге эстафетада Яна Хан, Ольга Тихонова, Малика Ермек және Мадина Жанбусинова өнер көрсетті. Қазақстандық спортшылар 4:15,934 нәтижесімен мәреге екінші болып келді.

Жарыстың көшбасшысы Венгрия құрамасы болды, үздік үштікті Голландия құрамасы түйіндеді.

Фото: Сали Сабыров

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0