Қазақстан жастар құрамасы тағы Словенияны жеңді
Норвегияның Аскер қаласында жастар арасында (ерлер, U-20) шайбалы хоккейден Әлем чемпионатының І дивизиондағы ойындары өтіп жатыр. <br /><br />А тобында Қазақстан құрамасы бүгін Словенияны 4-2, кеше Данияны 4-0 жеңді. Ал оның алдында Мажарстан хоккейшілерінен басым түскен (3-2).
Алайда біздің хоккейшілер алғашқы матчта Франция құрамасына 2-0 есебімен ұтылған.
Енді соңғы турда (18 желтоқсан) Қазақстан жергілікті норвег құрдастарымен шеберлік байқасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или