Бірінші арна кубогына қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы жарияланды
15-18 желтоқсан аралығында Мәскеуде Бірінші арна кубогы халықаралық турнирі өтеді, онда Қазақстан құрамасы Ресей және Беларусь құрамаларына қарсы екі кездесу өткізеді, сондай-ақ, <span>3х3 жүйесі бойынша турнирде бақ сынайды</span>, деп хабарлайды Prosports.kz ҚХФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 желтоқсанда команда Мәскеуге аттанады. Команда сапында 27 хоккейші бар: 24 алаң ойыншысы және 3 қақпашы.
Қақпашылар:<span> </span>Никита Бояркин («Барыс»), Юргис Дубинскас («Номад»), Денис Каратаев («Сарыарқа»).
Қорғаушылар:<span> Әділ Бекетаев, Тамирлан Гайтамиров, Самат Данияр, Егор Шалапов (барлығы - «Барыс»), Леонид Метальников («Адмирал»), Алексей Маклюков, Валерий Орехов (екеуі - «Металлург», Ресей), Эмиль Нұрғалиев («Номад»), Кирилл Полохов («Арлан»).</span>
Шабуылшылар:<span> Әлихан Әсетов, Никита Михайлис, Егор Петухов, Михаил Рахманов, Антон Сагадеев, Кирилл Савицкий, Аңсар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков, Дмитрий Шевченко (барлығы - «Барыс») Павел Акользин («Металлург»), Александр Борисевич («Сарыарқа»), Артем Лихотников («Арлан»), Максим Мухаметов («Номад»), Кирилл Панюков («Ак Барс»), Роман Старченко («Спартак»).</span>
Алдағы турнирдегі Қазақстан құрамасының барлық матчтарын Insport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.