Хелминен: «Қазақстанға қайта оралғаныма қуаныштымын»

Финляндиялық маман Раймо Хелминен астаналық «Барыстың» бапкерлік құрамына оралғанына қуанышты екенін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Қазақстанға қайта оралғаныма қуаныштымын! Бір апта бұрын мені «Барысқа» шақырды, бірден келістім. Өткен маусымда команданың кейбір ойындарын көрдім. СКА мен «Йокеритке» қарсы ойындарды стадионнан көрсем, қалғандарын теледидар арқылы тамашаладым. Команданың ойын стилі өзгерді. Қорғаныста мықты ойнай бастады. Бас бапкер Ерлан Сағымбаев – өте білікті бапкер. Ерлан бастаған біздің бапкерлік құрамамыз «Барысқа» өз пайдасын тигізеді деген сенімдемін», – деді Хелминен елордалық клубтың ресми сайтына.

Естеріңізге сала кетсек, Раймо Хелминен 2013/2014 маусымында «Барыстың» бас бапкері Ари-Пекки Селиннің көмекшісі болған.

hcbarys.kz сайтынан*

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или