Қазақстандық хоккейші канадалық команданың капитаны болып тағайындалды
17 жастағы қазақстандық қорғаушы Рахат Оспанов Онтарио хоккей академиясы командасының капитаны болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оспанов Астана қаласының тумасы. 2017-2018 және 2019-2020 маусымдарында 2005 жылғы «Барыстың» үздік қорғаушысы болып танылды.
2019-2020 маусымынан бастап хоккейші Канадада AAA лигасында ойнайды.
Осы маусымда Рахат Оспанов Онтарио хоккей академиясы үшін 17 кездесу өткізіп, 11 (4+7) ұпай жинады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или