«Трактор» – «Барыс» матчының тікелей трансляциясы
30 қарашада Астананың «Барысы» Челябинскіде жергілікті «Тракторға» қарсы матч өткізіп, қысқа сапардағы серияны аяқтайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Барыстың» да, «Трактордың» да жағдайы қиын. Командалар плей-офф аймағына кіруге таласып жүр.
Сонымен қатар, челябіліктер де, астаналықтар да тағы бір сәтсіз серияға нүкте қоюға тырысады. «Трактор» алдыңғы екі кездесуінде, «Барыс» үш кездесуінде жеңілді.
«Трактор» - «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 19:50-де басталады. Кабельдік желі абоненттері кездесуді KHL TV және KHL Prime телеарналарының эфирінен көре алады. Интернетте трансляция СІЛТЕМЕ арқылы қолжетімді болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или