OCTAGON чемпионы Ақтөре Батырбекті жеңген әзербайжандық файтермен кездеседі

OCTAGON чемпионы Ақтөре Батырбекті жеңген әзербайжандық файтермен кездеседі

21 желтоқсанда Алматыда  OCTAGON Еуразиялық лигасының 2022 жылғы соңғы турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

OCTAGON 38 кешінің басты жекпе-жегінде екі жеңілмеген файтер кездеседі. «Қазақ сехудосы» Дамир Төленов (8-0) әзербайжандық Роял Лейлизадемен (5-0) жекпе-жекте ең жеңіл салмақтағы чемпиондық атағын қорғайды.

Лейлизада қыркүйектегі OCTAGON 35 турнирінде өнер көрсетті, онда жеңіл салмақтағы үш дүркін Әзербайжан чемпионы тағы бір қазақстандық файтер Ақтөре Батырбекті (4:2) төрешілер шешімімен жеңді.

Ал Төленов биыл тамыз айында өткен жекпе-жегінде Дархан Сқақовты (7-5) жеңіп, чемпиондық атағын екінші рет сәтті қорғап қалған. 

<span>Алдағы кешке билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады</span>

Турнирдің бас серіктесі UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының ресми серіктесі -<span> </span>Parmigiano Group компаниясы

Турнирдің ресми серіктесі<span> </span>1XBET букмекерлік компаниясы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или