«Мақсатым – UFC». Алмабаев алдағы жоспарын айтты
Қазақстандық ММА файтері Асу Алмабаев BRAVE FC турниріндегі кезекті жеңісінен кейін алдағы жоспары туралы айтты, деп жазады Prosports.kz.
«Спорттағы басты мақсатым – UFC. Қазақстанға келгеннен кейін басшылықпен және жаттықтырушылармен барлығын талқылап, ыңғайлы шешімге келеміз деп үміттенемін», деді файтер.
Алмабаев бахрейндік лигамен жасалған келісімшарт бойынша соңғы жекпе-жегін өткізді.
Ең жеңіл салмақта өткен жекпе-жекте қазақстандық файтер Филиппин спортшысы Кеннет Манингатты екінші раундта қылқындыру әдісімен жеңіске жеткен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или