Қазақстан гандболдан Азия чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул мен Инчон қаласында өтіп жатқан XIX Азия чемпионатында Гонконгты жеңді. Есеп: 28-24.
Кеше қазақстандық қол добы шеберлері В тобындағы алғашқы турда Қытайға есе жіберген. Тартысты матчтың есебі: 26-28. Енді біздің арулар 27 қарашада Таиландпен шеберлік байқасып, соңғы турда (30 қарашада) Жапониямен кездеседі.
Ұлттық құрама ойыншылары: Жанерке Қуандықова, Дана Әбілда, Жанерке Сейтқасым, Татьяна Давыдова, Злата Звягина, Алеся Малышева, Альсина Жұмабек, Наталья Полуянко, Мария Пупченкова, Камила Серікбаева, Кристина Степанова, Вероника Хардина, Мария Ситникова, Ксения Пупченкова, Арайлым Әбдіхамит, Елена Беренда, Дамира Жапарова, Кристина Радаева;
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или