Қысқы

Конькимен жүгіруден әлем кубогы: Қазақстандық спортшылардың нәтижесі

Конькимен жүгіруден әлем кубогы: Қазақстандық спортшылардың нәтижесі
news-banner7
mobile-news-top

Херенвен қаласында (Нидерланды) 18-20 қараша аралығында конькимен жүгіруден Әлем кубогының екінші кезеңі өтті. Оған 28 елден 229 спортшы қатысты.

Қазақстан командасы сапында Надежда Морозова, Алина Дауранова, Екатерина Айдова, Дмитрий Морозов, Артур Галиев, Демьян Гаврилов, Виталий Щеголев және Багдаулет Сагатов өнер көрсетті.

Надежда Морозова 1500 метр қашықтықта 1:54:86 нәтижемен А. тобында төртінші орын алды.

Дмитрий Морозов В дивизионында 1500 метрге жүгіруде бірінші болды. Қазақстандық үздік нәтиже көрсетті (1:45.95) және мықтылар тобына жолдама алды. Әлем кубогының келесі кезеңінде Дмитрий Морозов А дивизионында өнер көрсетеді.

Алина Дауранова В дивизионында 500 метрге жүгіруде екінші орын алды, ол 38.75 уақытты көрсетіп, жеке рекордын жаңартты. Бұл нәтиже спортшыға келесі ӘКК-де А тобына түсуге мүмкіндік берді.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер