Физиевтің бұрынғы қарсыласы Алматыдағы O37 турнирінде сенімді жеңді

Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 37 турнирінде әзербайжандық Гундуз Набиев (4-3) пен қырғызстандық Расул Кумбатбек уулу кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Набиев октагонда басымдық танытып, үшінші раундта қарсыласына партерде ауыр соққылар жасады. Төреші жекпе-жекті тоқтатып, жеңіс әзербайжандық файтерге бұйырды. Набиев кәсіпқой карьерасында қатарынан бесінші рет жеңді.
Әзербайжандық спортшы ММА-дегі дебютін 2016 жылы UFC файтері Рафаэль Физиевке қарсы бастаған.
Айта кетейік, O37 турнирінің басты жекпе-жегінде ресейлік Владимир Рудак (3-1) қырғызстандық «Халк» Исламбек Бактыбек уулумен (6-2) кездеседі.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі.
OCTAGON лигасының ресми серіктесі - Parmigiano Group компаниялар тобы.
Турнирдің ресми серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы.