Қысқы

Универсиада-2023: Қазақстан құрамасы матчтарының кестесі белгілі болды

Универсиада-2023: Қазақстан құрамасы матчтарының кестесі белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

2023 жылғы Қысқы Универсиада 12-22 қаңтар аралығында АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz

Хоккей турниріне Қазақстан студенттер құрамасы қатысады. Командалар екі топқа бөлінген, хоккейшілеріміз В тобында Венгрия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Словакия және АҚШ-қа қарсы ойнайды. Әр топта алғашқы екі орын алған командалар жартылай финалға жолдама алады. Финалдық ойыннан бөлек, үшінші орын үшін де кездесу өтеді.

Қазақстан құрамасының алдағы турнирдегі кестесі:

13 қаңтар 2023 – 00:00, Корея – Қазақстан

13 қаңтар 2023 – 20:30, Қазақстан – Венгрия

16 қаңтар 2023 – 07:00, Қазақстан – Ұлыбритания

17 қаңтар 2023 – 03:30, Қазақстан – Словакия

18 қаңтар 2023 – 02:30, АҚШ - Қазақстан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер