Адиев: Екі жақта да гол соғатын мүмкіндіктер болды

Адиев: Екі жақта да гол соғатын мүмкіндіктер болды

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Өзбекстанға қарсы жолдастық кездесу (0:2) туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ-ға сілтеме жасап. 

- Магомед Мұсаұлы ойыннан қандай әсер алдыңыз?

- Ойын жаман болмады. Біздің тараптан матчта көздеген эпизодтар болды. Іріктеу кезеңіне дейін ойынды өзгертуді қарастырып жатырмыз. Сондықтан кемшіліктер болып тұрады. Өзіміздің қателіктерден кейін гол жіберіп алдық. Осылардың орнын толтыру үшін бапкер ретінде маған жұмыс істеу керек. Екі жақта да гол соғатын сәттер болды. Алайда, алаң иелері жеңіске жетті. Мен оларды құттықтаймын.

- Көпшілігі Бақтиер Зайнутдинов пен Эльдор Шомуродовтың тартысын алғашқы минуттан бастап тамашалағысы келді. Неліктен ол қосалқы құрамда қалды?

- Кеше жаттығуда аздап бұлшық ет жарақаты болды. Футболшының денсаулығы ойладым. Ешқашан тәуекелге бармаймын. Негізі құрамға шығару жоспарда бар болатын. Ол жексенбі ойнап, келесі күні ұшып келді. Сол себепті онымен сөйлесіп, бір тайм ойнайды деген шешімге келдім.

- Бауыржан Исламхан ұзақ үзілістен кейін алаңға қайта оралды. Ол ойнаған 20 минутқа қандай баға бересіз?

- Исламханның шабуылдайтан әлеуеті бар. Ол әлі нағыз бабында емес. Алаңның қай аймағында ойнайтынын түсінгім келеді. Әлі де жұмыс істеу керек. Ұзақ үзіліске қарамастан допты сақтап, өтімді пастар бере алады.

- Өзбекстан құрамасынан қай футболшы таңғалдырды?

- Эльдор жоқ жерден екі гол соқты. Күтпеген жерден гол соғатын сапалы қасиеті бар. Сол себепті Италияда ойнайды. Қиын соққыны қайтарған қақпашының еңбегін де атап өткім келеді. Орталық алаң мен қапталда ойнайтын жақсы футболшылар бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Ұлттық құрама

Ұлттық құрама

Новости национальной сборной казахстана: сводка событий, интервью

Пікірлер 0