Қысқы

Қазақстан құрамасының Универсиада-2023 ойындарындағы күнтізбесі шықты

Қазақстан құрамасының Универсиада-2023 ойындарындағы күнтізбесі шықты
news-banner7
mobile-news-top

12-22 қаңтар аралығында Лейк-Плэсидте (АҚШ) өтетін 2023 жылғы Қысқы Универсиададағы Қазақстан хоккей командасының матчтарының кестесі анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Хоккей турниріне қатысатын командалар екі топқа бөлінген, хоккейшілеріміз В тобында Венгрия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Словакия және АҚШ қарсыластарымен өнер көрсетеді.

Әр топта алғашқы екі орын алған командалар жартылай финалға жолдама алады. Финалдық ойыннан бөлек, үшінші орын үшін матч та қарастырылған.

Қазақстан құрамасының Универсиада-2023 топтық кезеңіндегі ойындарының кестесі:

2023 жыл 13 қаңтар – 00:00. Оңтүстік Корея – Қазақстан

2023 жыл 13 қаңтар – 20:30. Қазақстан – Венгрия

2023 жыл 16 қаңтар – 07:00. Қазақстан – Ұлыбритания

2023 жыл 17 қаңтар – 03:30. Қазақстан – Словакия

2023 жыл 18 қаңтар – 02:30. АҚШ – Қазақстан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер