«Ақтөбе» шабуылшысы Руанда ұлттық құрамасына шақырту алды

«Ақтөбе» шабуылшысы Жерар Гоу Африка ұлттар Кубогының іріктеу кезеңіне дайындық аясында өтетін жолдастық кездесулерге шақырту алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Руанда 17 және 19 қарашада Судан құрамасымен екі бақылау матчын өткізеді.
Ойындар Руанда астанасы Кигали қаласында өтеді деп жоспарланған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или