Қысқы

Конькимен жүгіруден Әлем Кубогының алғашқы кезеңі өтіп жатыр

Конькимен жүгіруден Әлем Кубогының алғашқы кезеңі өтіп жатыр

Норвегияның Ставангер қаласында конькимен жүгіруден Әлем Кубогының кезеңі басталды.

Әйелдер арасында 500 метрге жарыста қазақстандық Екатерина Айдова 20 спортшының арасында 15-сатыға тұрақтады. Оның уақыт көрсеткіші – 38.939.

Ал 3 мың метрге жарыста Надежда Морозова 11-көрсеткішке қол жеткізді (4:13.758).

Жалпы осы кезеңге аттанған қазақстандықтар:

Ерлер – Бақдәулет Сағатов, Дмитрий Морозов, Виталий Щиголев, Демьян Гаврилов, Артур Галиев, Андрей Семёнов, Нұралы Ақжол, Евгений Кошкин, Роман Биназаров;

Әйелдер – Надежда Морозова, Екатерина Айдова, Алина Дауранова;

Айта кетейік, алғашқы кезең 13 қарашада аяқталады. Сосын 2-кезеңді 18-20 қараша аралығында Херенвен қаласы (Нидерланд) қабылдайды. Ал жылдың соңғы кезеңдері Канаданың Калгари қаласында 9-11 және 16-18 желтоқсанда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0