Су добынан Азия чемпионаты: Қазақстан қыздар құрамасы Сингапурды сенімді жеңді

Таиландта өтіп жатқан су добынан Азия чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан құрамасы Сингапурды 18:9 (6:3, 3:4, 6:2, 4:0) есебімен жеңді. Кездесудің үздік ойыншысы атағы қазақстандық Анна Новиковаға бұйырды.
Айта кетейік, бұған дейінгі Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяны жеңіп (25:5), Қытайдан жеңіліп қалған (5:16).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или