Федор Бугаков фристайл-могулдан FIS Open турнирінде қола жүлдеге ие болды

Федор қазір қысқы спорт түрлеріне арналған олимпиада даярлығы орталығында жаттығады.
Аустрия, Ұлыбритания, Германия, Канада, Оңтүстік Корея мен АҚШ спортшылары бас қосқан бәсекеде Қазақстан жастар құрамасы лайықты өнер көрсетті. Федор Бугаков финалда 68.21 ұпай жинап, үздік үштікке ілінді.
Мысалы, Семен Русаков алғашқы жарыс күні 4-ші орынға тұрақтады. Ал Максим Емельянов жалпы есепте 12-орын алса, Юлия Феклистова 7-ші, Анастасия Ларионова 9-сатыға жайғасты. Айта кетейік, бұл біздің қыздардың алғашқы халықаралық жарысы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или