Әлем Кубогының екінші кезеңіне Қазақстан толық құрамда аттанды
4-6 қараша аралығында АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында шорт-тректен Әлем Кубогының 2-кезеңі өтеді, деп хабарлайды kazsports.kz. Юта штатында жарыс жолына шығатын Ұлттық құрама спортшылары:
Ерлер – Абзал Әжғалиев, Нұртілек Қажығали, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Еркебұлан Шамуханов, Антон Хван;
Әйелдер – Алина Әжғалиева, Яна Хан, Малика Ермек, Алена Волковицкая, Анастасия Астраханцева, Ольга Тихонова;
Бас бапкер – Нұрберген Жұмағазиев. Солт-Лейк-Ситидегі жарысты Халықаралық конькишілер одағының (ISU) Youtube арнасынан тамашалай аласыздар
Канаданың Монреаль қаласында өткен алғашқы кезеңде ерлер құрамасы 5 шақырым эстафетада күміс жүлдеге қол жеткізген. Қазір 5000 метрге жарыста әлем рейтингінде Ұлттық құрама 9-сатыда келе жатыр (12094 ұпай). Ал Абзал Әжіғалиев 500 метрге жарыста В финалында 2-орынға тұрақтаған. Осы қашықтықта бақ сынаған Денис Никиша жартылай финалда ереже бұзғаны үшін пенальти алып, жарыс жолынан шығып қалды.