А дивизионындағы 9 елдің арасында Қазақстан әйелдер құрамасы да бар. Қазақстан құрамасының ойыншылары: Тылсымай Аллиярова, Анджелина Эбауер (Скип), Екатерина Колыхалова (вице-скип), Регина Эбауйер, Мерей Тастемір;
Қалған құрамалар: Аустралия, АҚШ, Бразилия, Канада, Гонконг, Жапония, Оңтүстік Корея, Жаңа Зеландия.

Чемпионаттың алғашқы күні Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея (1:12) мен Жаңа Зеландиядан (3:11) ұтылып қалды. Бүгін 3-айналымда Канадамен, 4-айналымда Аустралиямен ойнайды. Сосын 6-айналымда АҚШ-пен (2 қараша), 7-айналымда Жапониямен (3 қараша), Гонконгпен (4 қараша), соңғы, 9-айналымда Бразилиямен (4 қараша) шеберлік байқасады. Осыдан соң жартылай финалға шыққан құрамалар анықталады.

Ал В тобына түскен Қазақстан ерлер құрамасы алғашқы мачта Үндістанға (6:7) есе жіберді. Олар алдағы күндері Катар, Гонконг, Гайана, Кения, Нигерия, Сауд Арабиясымен кездеседі. Кеше басталған мұз үстіндегі шахмат додасы 6 қарашада аяқталады.
