Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Франция Гран-приіне қатыспайды

2022 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Францияның Анже қаласында өтетін Гран-при сериясына қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол ISU сайтында турнирден шеттетілген. Бос орынды грузиялық мәнерлеп сырғанаушы Ника Эгадзе иеленді. Шайдоровтың өзі додаға қатысудан бас тартқанын айта кеткен жөн.
Әкесінің айтуынша, Михаил ауырып, ауруханада жатқан, енді оның сауығып кетуіне уақыт керек. Финляндиядағы екінші кезеңге қатыспауы да мүмкін.
Еске сала кетейік, Франциядағы Гран-при 4-6 қараша аралығында өтеді, Эспудағы кезең 25-27 қарашаға жоспарланған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или