Бабаян: Бүгін жеңіске лайық болдық

«Астана» бас бапкері Григорий Бабаян «Қызылжармен» өткен ойын жайлы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Матчтың алғашқы 20 минутында алаңға бейімделу болды, жұмсақ шөпте ойнау біз үшін қалыпты жағдай емес. Бірнеше қате жібердік, бірақ жалпы бірінші таймның соңына қарай кездесуге төселіп қалдық, жақсы тәсілдер жеткілікті болды және есеп ашуға тамаша мүмкіндіктер жасалды. Алайда бірінші таймда біз бір ғана гол соқтық. Екінші таймда шамамен үш-төрт мүмкіндік болып, тағы бір гол соқтық. Менің ойымша, біз жеңіске әбден лайық болдық. «Қызылжар» жақсы команда және олар биылғы жылы Конференця лигасында ел атынан лайықты өнер көрсеті. Командаға сәттілік тілеймін, Чемпионатта орнын сақтап қалуына тілекшімін.
- Чемпионатдықпен құттықтай беруге болатын шығар. Кеше «Ақтөбе» ұпай жоғалытып, чемпион болуға мүмкіндіктеріңіз артты. Ойыншыларыңыз «Шахтерге» қарсы матчқа дайын ба?
– Бәрі де өз қолымызда екені анық. Бірақ бізді сырт алаңдағы ойын күтіп тұр, «Шахтермен» өтетін ойын жеңіл болмасы белгілі. Біз әр матчқа өте байсалды қараймыз, қателесуге болмайтынын түсінеміз. Біз үшін ең бастысы, үйге аман-есен жетіп, қалыпқа келіп, қарсыластың ойынын талдап, кездесуге дайындалу. Матч өте қиын болады, бірақ бізге тек жеңіс керек. Мұны бәрі жақсы түсінеді.