Шорт-тректен Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты кезеңінің финалына шықты
Қазақстан ерлер құрамасы шорт-тректен Монреальда (Канада) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Спортшылар эстафетада (5000 метр) шешуші жарысқа шықты. Бірінші жартылай финалда біздің спортшылар екінші нәтиже көрсетті.
Бұл оларға медаль үшін күресте қалуға мүмкіндік берді, өйткені әрбір жартылай финалдық жарыстың алғашқы екі командасы финалға жолдама алды.
Италия, Канада және Оңтүстік Корея қазақстандықтардың жүлде үшін бәсекелестері болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или