Зайнутдинов Мәскеу дербиінде үздік ойыншы атанды

Зайнутдинов Мәскеу дербиінде үздік ойыншы атанды

Whoscored.com статистикалық сайты Ресей премьер-лигасының 15-турындағы матчтың қорытындысы бойынша «Локомотив» пен ЦСКА ойыншыларына баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 1:0 есебімен ЦСКА-ның пайдасына аяқталды. Жалғыз голды 22-минутта Хесус Медина соқты.

Айта кетейік, WhoScored қазақстандық жартылай қорғаушы ЦСКА Бактиер Зайнутдиновты матчтың үздік ойыншысы деп атады - ол 8,3 ұпай жинады. Бұл ретте қазақстандық бір эпизодта қызыл қағаз алу қаупін төндірсе, екіншісінде жақын қашықтықтан бос қақпаны дәл көздей алмады. Бірақ, қорғаушы позициясында ойнаған Бактиердің командасына гол өткізген жоқ.

Биылғы маусымда Бактиер Зайнутдинов ЦСКА сапында барлық жарыстарда 16 матч өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или