Naiza 46 турнирінің тікелей трансляциясы
Бүгін, 28 қазанда Алматы қаласында аралас жекпе-жектен Naiza 46 турнирі өтеді, деп жазады Prosports.kz сайты.
Naiza 46 турнирінде 22 спортшының қатысуымен 11 жекпе-жек өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде 70 килограмм салмақ дәрежесінде қазақстандық Фаниль “Ноғай” Рафиков (20-8) пен бразилиялық Тиаго Луис Бонифацио Сильва (21-12) кездеседі.
Сондай-ақ қазақстандық Жасұлан Әкімжан (8-2) пен ирандық Матин Сафари (2-0), Сұлтан Жолдошбек (17-2) пен Рафаэль Диас (19-7-1) кездеседі.
Naiza 46 турнирі 28 қазан күні сағат 19:00-де Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Турнирдің тікелей трансляциясын МЫНА сілтемден көре аласыз.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или