NAIZA турнирі Ақтөбеде өтеді
NAIZA 46 турнирінің қарсаңында өткен баспасөз мәслихатында лига президенті Нұрбек Қарабала Ақтөбе аралас жекпе-жек кешін өткізу туралы жоспарын айтып берді.
- Лигамыздың келесі турнирі Ақтөбеде өтеді. Басты жекпе-жекте Шинкай мен Қазыбек Сағыныш жұдырықтасады. Сондай-ақ жанкүйерлер Бағдат Жұбанышты, Нұрбек Қабдрахмановты көреді. «Еркін күш» командасының өкілдері мен NAIZA лигасының спортшылары жекпе-жек өткізеді.
Жалпы, кард қызық болғалы тұр. Сонымен қатар, бұл турнирде тек ММА емес, греплингтен де жекпе-жектер өтеді. Ақтөбеде бұрын болмаған керемет турнир күтіп тұр, - деді лига президенті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или