«Сибирь» – «Барыс» матчының тікелей трансляциясы

«Сибирь» – «Барыс» матчының тікелей трансляциясы

27 қазанда «Барыс» хоккей клубы ҚХЛ аясында Новосібірде жергілікті «Сибирьмен» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елордалық команда сырт алаңдағы ойындар сериясын сәтсіз өткізіп жатыр – алдымен Нижнекамскінің «Нефтехимикінен» (2:4), кейін Омбының «Авангардынан» (0:6) жеңіліп қалды. Оның алдында өз алаңында Магнитогорскінің «Металлургінен» жеңілген, демек «Барыстың» сәтсіз сериясы үш кездесуге жалғасты.

Ал <span>«Сибирь» командасы керісінше екі ойын қатарынан жеңіске жетті</span> – «Витязь» бен «Спартак» екеуін де 4:3 есебімен ұтты. 

<span>«Сибирь»</span> – «Барыс» матчының тікелей трансляциясы 18:30-да басталады. Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Одан бөлек Қ<span>ХЛ ТВ және KHL Prime арналарынан көруге болады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или