UFC қашан? Асу Алмабаевтың келесі жекпе-жек күні жарияланды

UFC қашан? Асу Алмабаевтың келесі жекпе-жек күні жарияланды

Brave лигасының қазақстандық файтері Асу Алмабаев 26 қарашада Индонезияда жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшсі «Вестник ММА-ге» сілтеме жасап.

«Мен 26 қарашада Индонезияда Brave-те дағыстандықпен жекпе-жек өткіземін. Бірақ ресми түрде лига жариялағаннан кейін айтамыз. Сол жерде дайындалып жатырмыз, қазір тауда, сосын төмен түсеміз, салмақ қуамыз. UFC-ге келер болсақ, біз Brave-пен келісімшартты аяқтап, содан кейін ол жерді де шулатамыз», - деді Алмабаев.

Асу қатарынан 12 жекпе-жек бойы жеңіске жетіп келеді. Кейінгі кездесуін 30 шілдеде өткізіп, Bellator экс-чемпионы Зак Маковскиді төрешілер шешімімен жеңген болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или