UFC 280 турниріне қатысқан файтерлер қанша гонорар алды
Абу-Дабиде өткен UFC 280 турнирінде өнер көрсеткен спортшылардың гонорары белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.
Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде ресейлік Ислам Махачев бразилиялық Чарльз Оливейраны жеңді.
UFC 280 турниріне қатысқан файтерлер қанша гонорар алды:
Ислам Махачев — $ 1 032 000 (гонорар $ 500 000, PPV сатылым үлесі $ 350 000, жеңіске жеткені үшін бонус $ 100 000, «кеш жекпе-жегі» үшін бонус $ 50 000 және жарнама үшін бонус $ 32 000).
Чарльз Оливейра — $ 1 292 000 (гонорар $ 750 000, PPV сатылым үлесі $ 500 000 және жарнама үшін бонус $ 42 000).
Алджамейн Стерлинг — $ 570 000 (гонорар $ 350 000, PPV сатылым үлесі $ 100 000, жеңіске жеткені үшін бонус $ 100 000, жарнама үшін бонус $20 000).
Ти Джей Диллашоу — $ 120 000 (гонорар $ 110 000, жарнама үшін бонус $ 10 000).
Шон О'Мэлли — $ 465 000 (гонорар $ 300 000, жеңіске жеткені үшін бонус $ 100 000, «кеш жекпе-жегі» үшін бонус $ 50 000, жарнама үшін бонус $ 15 000).
Петр Ян — $ 270 000 (гонорар $ 210 000, «кеш жекпе-жегі» үшін бонус $ 50 000, жарнама үшін бонус $ 10 000).
Бенеил Дариуш — $ 310 000 (гонорар $ 200 000, жеңіске жеткені үшін бонус $ 100 000, жарнама үшін бонус $ 10 000).
Матеуш Гамрот — $ 80 000 (гонорар $ 75 000, жарнама үшін бонус $ 5 000).