«Мақтаарал» бапкері команданың 6 ойынға созылған жеңіліссіз сериясы туралы пікірін айтты

«Мақтаарал» бапкері команданың 6 ойынға созылған жеңіліссіз сериясы туралы пікірін айтты
news-banner7
mobile-news-top

«Мақтаарал» бапкері Константин Горовенко командасының алты ойын бойы жеңілімегеніне қатысты пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.

- Константин Александрович, «Тобылмен» ойында маңызды үш ұпайға ие болып, төменгі лигаға ұшатын қауіпті аймақтан шықтыңыздар, құттықтаймыз!

– Құттықтауларыңызға көп рақмет!

– Сіз «Мақтаарал» тізгінін ұстағанна бері командаңыз алты ойында 14 ұпай жинады, бұл Қазақстан чемпионатының осы аралықтағы үздік көрсеткіші саналады.

– Шынымды айтсам, өзге командаларға назар аудармаймыз. Әр матчты жақсы өткізуге тырысамыз, келесі ойынға дайындақты бастап кеттік. Статистика, әрине, көңіл көншітерлік.

Айта кетейік, футболдан Қазақстан чемпионатының 24-турында «Мақтаарал» ойыншылары «Тобылды» 2:1 есебімен жеңіп, турнирлік кестеде 12-орынға көтерілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер