UFC 280 турнирінің қатысушылары салмақ өлшеу рәсімінен өтті – видео
Абу-Дабиде (БАӘ) 22 қазанда «Этихад Аренада» өтетін UFC 280 турнирінің салмақ өлшеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
<span>Кештің басты жекпе-жегінде ресейлік Ислам Махачев америкалық Чарльз Оливейрамен жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады. </span><span>Ал жеңіл салмақта белбеу үшін Петр Ян мен Шон О'Мэлли кездеседі.</span>
Жартылай жеңіл салмақтағы ресейлік Зубайра Тухугов салмақ сынынан өте алмады, сондықтан оның алдағы турнирдегі жекпе-жегі өтпейтін болды. Ол бразилиялық Лукас Алмейдамен жұдырықтасуы керек еді.
Салмақ өлшеудің нәтижелері:
Чарльз Оливейра (70,08 кг) — Ислам Махачев (70,08 кг);
Алджамейн Стерлинг (61,23) — Ти Джей Диллашоу (61,23);
Пётр Ян (61,68) – Шон О'Мэлли (61,46);
Бенейл Дариуш (70,76) — Матеуш Гамрот (70,76);
Кэтлин Чукагян (57,83) — Манон Фиоро (56,92);
Белал Мухаммад (77,11) — Шон Брэди (77,56);
Махмуд Мурадов (83,91) — Кайо Борральо (84,36);
Волкан Оздемир (93,44) — Никита Крылов (93,44);
Абубакар Нурмагомедов (77,33) — Гаджи Омаргаджиев (77,56);
Армен Петросян (84,36) — Эй Джей Добсон (83,91);
Мухаммад Мокаев (57,15) — Малкольм Гордон (57,15);
Кароль Роза (61,23) — Лина Лансберг (61,23).