«Сарыарқа» қақпашысы «Арланға» ауысты
Қақпашы Жакен Ибрагимов қарағандылық «Сарыарқадан» көкшетаулық «Арланға» жалға берілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«21 жаста, бойы 192 см. Ол Қарағанды хоккей мектебінің түлегі, қазірге дейін балалар мен жасөспірімдерден бастап, жастар мен кәсіби командаларға дейінгі барлық сатыдан, клуб жүйесінде өнер көрсетіп келеді.
Өткен маусымда «Теміртау» сапында 2 кездесуге қатысып, 10 матчта «Сарыарқа» қақпасын қорғады. Ел чемпионатының плей-офф кезеңінде Жакен 4 кездесуде өнер көрсетті. Жалпы, Қазақстан чемпионатында қақпашы 45 матчқа қатысқан», - деп жазады клубтың баспасөз қызметі.<br /><br />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или