OCTAGON 36: Алмаз Жанбақы танымал түркиялық файтермен жекпе-жек өткізеді

OCTAGON 36: Алмаз Жанбақы танымал түркиялық файтермен жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Алмаз Жанбақы (1-0) 21 қазанда Түркияда өтетін OCTAGON<span> </span>36 жекпе-жек кешінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның қарсыласы «Генерал» лақап атымен танымал түркиялық файтер Исфак Сейид (2-0) болады. Жекпе-жек 61,2 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтеді.

Еске салайық, 21 қазанда өтетін турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық Керім Даидов (5-0) ұйымның орта салмақтағы чемпионы атағын өзбекстандық Абдукодир Абдуворисовпен (4-0) сарапқа салады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG<span> </span>спорт агенттігі.

Турнирдің ресми серіктесі -<span> </span>1XBET<span> </span>букмекерлік компаниясы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или