Қазақстандық файтер AMC Fight Nights титулын жеңіп алды
Қазақстандық файтер Сәбит Жүсіпов (14-3) Сочиде (Ресей) аралас жекпе-жектен AMC Fight Nights 115 турнирінде өнер көрсетіп, ресейлік Владимир Егоянмен (22-7) төбелесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бәске Егоянның AMC Fight Nights жеңіл салмақтағы белбеуі тігілді. Жекпе-жек төрешілер шешіммен Жүсіповтің пайдасына аяқталды.
Осылайша, Сәбит Жүсіпов кәсіпқой мансабындағы он бесінші жеңісіне қол жеткізіп, өз дивизионында жаңа лига чемпионы атанса, Владимир Егоян сегізінші рет жеңіліске ұшырап, титулынан айырылды.
Жүсіпов үшін бұл қатарынан алтыншы жеңісі болды. Қазақстандық спортшы соңғы рет 2019 жылдың желтоқсанында жеңілген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или