UFC Жалғас Жұмағұловтың келесі айқасының датасын жариялады

UFC Жалғас Жұмағұловтың келесі айқасының датасын жариялады

Әлемнің белді промоушені – UFC аралас жекпе-жек шебері, қазақстандық Жалғас Жұмағұловтың келесі жекпе-жегін жариялады.

«Жалғас Жұмағұлов октагонға оралады! 19 қарашада өтетін турнирде оның қарсыласы Чарльс Джонсон болады», - делінген UFC-дің ресми аккаунтында.

Кездесу Лас-Вегаста (Невада штаты) UFC Apex аренасында өтеді.

Ч.Джонсон бұған дейінгі кездесуінде британдық спортшы Мухаммад Мокаевқа төрешілердің бірауызды шешімімен жеңілген еді.

Қазақстандық файтер болса UFC-де 5 жекпе-жек өткізді. Оның біреуінде ғана жеңіске жетсе, төртеуінде жығылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или