UFC Жалғас Жұмағұловтың келесі жекпе-жегін ресми жариялады
Танымал қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов әлемдегі ең үздік промоушен UFC-де кезекті жекпе-жегі қашан өтетінін білді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Жалғас Жұмағұлов сегізбұрышқа оралды! Оның 19 қарашада өтетін турнирдегі қарсыласы Чарльз Джонсон болады», - делінген UFC ресми аккаунтында. Жекпе-жек Лас-Вегаста (Невада) UFC Apex аренасында өтеді.
Алдыңғы жекпе-жекте Джонсон Дағыстаннан шыққан британдық cпортшы Мұхаммед Мокаевтан төрешілер шешімімен ұтылып қалды.
Айта кетейік, Жалғас UFC қол астында бес жекпе-жек өткізіп, оның бірінде жеңіске жетіп, төрт рет жеңілістің ащы дәмін татқан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или