Қазақстандық қорғаушы америкалық клубпен келісімшарт жасасты

Қазақстандық қорғаушы америкалық клубпен келісімшарт жасасты

Қорғаушы Ян Калиновский америкалық «Миссисипи Си Вулвз» клубымен маусымның соңына дейін келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.

Жазда хоккейші карьерасын аяқтағаны хабарланған болатын. 

Астана тумасы бұған дейін де теңіз асып кеткен. 2018-2019 жылғы маусымда USPHL Premier-де «Флорида Илс» сапында ойнаған. Сол кезде All-Star USPHL South құрамына енген еді. Ал Қазақстанда 24 жастағы хоккейші «Астана», «Снежные Барсы», «Ертіс», «Номад» және «Алматы» намысын қорғаған.

Қорғаушы Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Ярослав Евдокимовпен бірге ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или