3х3 баскетболдан Қазақстан құрамасы U-23 Әлем Кубогының екі ойында жеңіліс тапты

3х3 баскетболдан Қазақстан құрамасы U-23 Әлем Кубогының екі ойында жеңіліс тапты

Румыния астанасы Бухарестте 3х3 баскетболдан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем кубогі басталды. Аталған турнирге Қазақстан командасы да қатысып жатыр. Өкінішке қарай, D тобында сынға түсетін қазақстандықтар алғашқы жарыс күніндегі екі ойында да жеңіліп қалды.

3х3 баскетбол әлемдік аренада жаңадан бедел жинап келе жатқан спорт түрі. Халықаралық Олимпиада комитетінің  шешімімен Олимпиада бағдарламасына енген соң, аталған спорт түрінің екінші тынысы ашылғандай. 2020 жылғы Токио ойындарында алғаш рет 3х3 баскетболдан жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды. Бүгінде Халықаралық федерация (FIBA) жастар ерекше қызығатын, кезінде көше ойынына баланып, бүгінде әлемдік деңгейге көтерілген 3х3 баскетболды дамытудың түрлі жолдарын қарастыруда. Соның бірі – U23 дейінгі жастар арасындағы әлем кубогі.

Аталған турнирдің тарихы айтарлықтай терең емес. 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем кубогі алғаш рет 2018 жылы Қытайдың Сиань қаласында ұйымдастырылды. Жарыстың соңғы жеңімпазы – қазіргі таңда барлық ресми жарыстардан шеттетілген Ресей құрамасы.

Invitati de marca din baschetul mondial la FIBA 3x3 U23 World Cup 2022 de  la Bucuresti
Бухарест төрінде барлығы 20 команда өнер көрсетуде. Олар төрт топқа бөлінген. Қазақстан құрамасы Германия, Сербия, Катар және Израильмен бірге D тобында өнер көрсетуде. Жарыс ережесі бойынша, әр топтағы командалар бір-бірімен өзара ойнап шығады. Кейін ең көп ұпай жинаған екі команда плей-офф кезеңіне жолдама алып, тиісінше финалға шыққан құрамалар анықталады.

Әлем кубогінде Қазақстан намысын төрт ойыншы қорғап жатыр. Олар – Сиднейсейіт Айханов («Ураган» БК), Темірлан Жүнісов («Аstana Tigers» БК), Әділхан Марат («Барсы Атырау» БК) және Рүстем Лұқманов («Irbis» БК). Команданы Илья Коптелов жаттықтырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или