Naiza 45 Grand-Prix турнирінің толық карды анықталды

Naiza 45 Grand-Prix турнирінің толық карды анықталды

7 қазанда Naiza Grand-Prix екінші айналымы өтеді. Бұл жолы сегізбұрышта Қазақстанның AIBYN FIGHTING TEAM мен ALMAS QYRANDARY TEAM және Ресей мен Қырғызстан құрамалары кездесті. Бұдан бөлек, аралас жекпе-жек кешінде жанкүйерлерді екі титулдық айқас күтіп тұр.

Гран-придің алғашқы айналымында Нұр-Сұлтан қаласының TOBET TOP TEAM командасы Иранның YOUSEFI TEAM ұжымымен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Екінші тарапта қазақстандық  DAR TEAM мен Өзбекстанның MURADOV TEAM командалары айқасты. Тартысты өткен кездесуде қазақстандық ұжым 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, жартылай финалға Қазақстанның TOBET TOP TEAM және DAR TEAM командалары шықты.

Naiza 45 Grand-Prix турнирінде Aibyn Fighting Team Ресей командасымен айқасса, Almas Qyrandary Team Қырғызстан командасымен бақ сынайды.

Naiza 45 Grand-Prix карды:

Гран-при жекпе-жектерінен бөлек жанкүйерлер екі титулдық айқас көреді. Қазақстандық файтер Райымбек Орынбай (7-3) мен ресейлік Сайфулла Жабраилов (12-2) жартылай жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуді сарапқа салады.

Екінші титулдық жекпе-жекте қазақстандық Сергей Зубков (4-4) пен ресейлік Хусейн Адамов (10-2) қолғап түйістіреді. Қос спортшы ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуді бәске тігеді.

Naiza Grand-Prix турнирінің жүлде қоры қомақты. Финалда жеңіске жеткен ұжым 25 миллион теңге иемденеді.

Еске салайық, NAIZA 45 турнирінің тікелей эфирі 7 қазан күні 18:00-де басталады. Жарысты 5Q қолданбасы мен Naiza TV YouTube-арнасынан көре аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или