Рахмонов Джефф Нилді тағы да жекпе-жекке шақырды

Рахмонов Джефф Нилді тағы да жекпе-жекке шақырды

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы UFC рейтингісінде 6-орында тұрған америкалық Джефф Нилді тағы да жекпе-жекке шақырды, деп жазады Prosports.kz.

«Өзіңе күмәнданып жүргенің үшін сені кінәламаймын, бірақ қашан жекпе-жекке шығасың?». – деп жазды 27 жастағы қазақстандық инстаграм парақшасында.

Рахмонов Нилді биыл тамыз айында да жекпе-жек өткізуге шақырған болатын. 

Айта кетейік, осы аптаның басында Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы UFC рейтингісінде үздік ондыққа қайта оралды.

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202210/162_57c94e98788023bbce120e3db4bd60d4.png" /></picture>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или