Исмагулов UFC рейтингінде Конор МакГрегордан озды
Әлемдегі ең үздік MMA лигасы UFC жеңіл салмақтағы рейтингісін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ресейлік қазақ Дамир Исмагулов тізімде бір саты жоғарылап, 11-орынға шықты. Осылайша ол екі салмақ дәрежесінде бұрынғы UFC чемпионы Конор МакГрегорды басып озды, ирландиялық файтер 12-орында тұр.
Ал Исмагулов келесі қарсыласы, ресейлік Арман Царукян 10-сатыға жайғасқан. Исмагулов – Царукян жекпе-жегі UFC Vegas 66 турнирі аясында 17 желтоқсанда өтеді.
Айта кетейік, «Qazaq» деген лақап атымен танымал Исмакулов америкалық ұйымда бес жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или