OCTAGON 35 x BRAVE CF 62: Қазақстандық чемпион басты жекпе-жекте белбеуінен айырылды
Алматыда аралас жекпе-жектен Octagon 35 және Brave CF 62 турнирінде кештің басты жекпе-жегі өтіп, онда қазақстандық боксшы Бауыржан Қуанышбаев (13-4) мен Бахрейн өкілі Магомед Магомедов (9-0) төбелесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл жекпе-жекте жартылай орта салмақтағы Қуанышбаевқа тиесілі чемпиондық белбеу бәске тігілді. Магомедовке келетін болсақ, ол бұл жекпе-жекке «уақытша» чемпион мәртебесінде жақындады. Чемпиондық жекпе-жек бес раундқа есептелген және оның қорытындысы бойынша төрешілер Магомедовты жеңімпаз деп таныды.
Осылайша, Магомед Магомедов мансабындағы оныншы жеңісіне қол жеткізіп, жартылай орта салмақтағы лиганың жаңа толық чемпионы атанды, ал Бауыржан Қуанышбаев кәсіпқой ММА-да бесінші рет жеңіліске ұшырады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или