Волейболдан әйелдер арасындағы ӘЧ: Қазақстан құрамасы қатарынан төртінші рет жеңіліп қалды
Арнемде (Нидерланды) волейболдан әйелдер арасындағы 2022 жылғы әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
Қазақстан құрамасы турнирдегі төртінші ойынын өткізді. Кездесу 3:0 есебімен Сербия құрамасының пайдасына аяқталды. Қазақстан құрамасы сапында ең көп ұпайды Татьяна Никитина (13) мен Наталья Смирнова (5) жинады.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасы АҚШ (0:3), Германия (0:3) және Канададан (0:3) жеңіліп қалған болатын. Қазақстан келесі кездесуін 1 қазан күні Болгарияға қарсы өткізеді.
Сербия – Қазақстан – 3:0 (25:13, 25: 17, 25:10)
<span>Фото volleyballworld.com</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или