Баскетболдан Ұлттық лига матчтары басталды
Ұлттық лига басталды. Баскетболдан жаңа маусымның алғашқы мачты елордада өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Жергілікті «Астана» өз алаңында атыраулық «барыстарды» қабылдап, 92:59 есебімен басым түсті. Алғашқы ұпайды «Астана» сапындағы легионер Майк Майерс әкелді. Жалпы алаң иелері жаңадан қосылған шетелдік ойыншыларды көбірек шығарып, оларды іс жүзінде сынап көрді. Қос команда 3-ші кезеңге дейін тең дәрежеде ойнады. Тек мачтың соңына қарай «Астана» 20 ұпай алға шығып, қарсыластарына дес бермеді. Енді «Астана» мен «Барыстар» бүгін тағы бір матч өткізеді.
Жалпы ұлттық лигаға 5 команда қатысып жатыр. Яғни турнир тізімінде астана мен Барыстардае бөлек, Ақтөбе, Тобыл және Алматылық Ирбис командалары бар. Ішкі чемпионат 6 турдан тұрады және 2023 жылдың сәуіріне дейін жалғасады.