Су добы: Азия чемпионатына еліміздің ерлер және әйедер құрамалары қатысады

Су добы: Азия чемпионатына еліміздің ерлер және әйедер құрамалары қатысады

Су добынан еліміздің ерлер және әйелдер құрамасы Таиландта өтетін Азия чемпионатына қатысады.

Құрлықтық дода биылғы жылдың 7 және 14 қараша аралығында өтеді. Онда ерлер арасында 11, әйелдер арасында 7 құрама бақ сынайды деп жоспарланып отыр.

Ерлер арасында Таиланд, Өзбекстан, Иран, Қытай, Сингапур, Кувейт, Жапония, Гонконг, Оңтүстік Корея, Үндістан және Қазақстан өзара шеберлік байқасады.

Ал әйелдер арасында Таиланд, Өзбекстан, Қытай, Сингапур, Жапония, Оңтүстік Корея және Қазақстан жүлделерді сарапқа салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или