Волейболдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Канадаға есе жіберді
Қазақстан құрамасы волейболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында үшінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстандық волейболшылар С тобында сынға түсуде. Қарсыластары – АҚШ, Сербия, Германия, Болгария және Канада.
Бүгінгі ойында қазақстандықтар қарсыласына 0:3 есебімен есе жіберді. Үш сеттегі нәтижелер: 14:25, 16:25, 11:25.
Қазірге дейін қазақстандық волейболшылар АҚШ пен Германияға<span> </span>есе жіберді.
Енді ел құрамасы 30 қыркүйекте Сербиямен шеберлік байқасады.
Дүбірлі дода Нидерланд және Польша мемлекеттерінде 23 қыркүйек пен 15 қазан аралығында өткізіледі. Онда барлығы 24 құрама қатысып, төрт топта бақ сынайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или