Марк Цукерберг UFC турнирін сатып алды
Америкалық медиамагнат Марк Цукерберг 2 қазанда Лас-Вегаста өтетін UFC Fight Night 211 турнирін сатып алды.
Contender Series іріктеу шоуының баспасөз конференциясында UFC президенті Дана Уайт алдағы турнир жабық болатынын, қарапайым көрермендер кіре алмайтынын хабарлады.
«Сіздерге, жігіттер, кейінгі уақытта қатты жүк артып жібердік, сондықтан демалыс беруді шештік», - деді Уайт.
Турнирді кім сатып алғанын кештің басты хедлайнері Маккензи Дерн айтты.
«Марк Цукерберг барлық іс-шараны жалға алды. Жалғыз бола ма, әйелімен бірге ме, әлде достарымен, білмеймін».
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или