Исмагуловтың UFC-дегі келесі жекпе-жегі өтетін күн анықталды

Исмагуловтың UFC-дегі келесі жекпе-жегі өтетін күн анықталды

Жеңіл салмақта өнер көрсететін Ресейде тұратын этникалық қазақ файтер Дамир Исмагулов UFC Vegas 66 турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек 17 желтоқсанда Лас-Вегаста өтеді. Қарсыласы - ресейлік Арман Царукян.

Маусым айында өткен UFC on ESPN 38 турниріндегі жекпе-жегінде Царукян польшалық Матеуш Гамроттан ұтылып, UFC-дегі екінші жеңілісіне ұшырады. Царукян жалпы 21 жекпе-жек өткізіп, оның 18-інде жеңіске жеткен.

Ал Исмағұлов кейінгі кездесуінде Гурам Кутателадзені жеңді. Бұл жекпе-жек 19 маусымда Техастағы UFC Fight Night турнирі аясында өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или