Naiza президенті: Жыл соңына дейін өткізетін алты турниріміз бар

Naiza президенті: Жыл соңына дейін өткізетін алты турниріміз бар

Лига президенті Нұрбек Қарабала NAIZA 44 турнирін қорытындылап, жанкүйерлерді алда қандай қызық жекпе-жектер күтіп тұрғанын айтты.

«Бүгіннен бастап Naiza-да жеңіл жекпе-жек жоқ деп толық айта аламын. Оған көрермендер куә. Әр спортшы мықты. Мысалы, Айдын Көдектің кореялық қарсыласын көп ешкім танымайды, бірақ қандай мықты спортшы. Алдағы уақытта тек мықты файтерлер келеді.

Каныбек Жанибек улуу мен Руслан Тұяқовтың да жекпе-жегі жоғары деңгейде өтті. Жанкүйерлерге ұнады деп ойлаймын. Архат Мыңбаевтың, Бағлан Жақаншаның қарсыластары өте мықты. Бағланның жекпе-жегінде төрешілерге шешім шығару қиын болады деп ойладым. 2-1. Өзім осы жекпе-жекті тағы бір қайталап көрсем деймін.

Ең бірінші жекпе-жекте Тимур Серікұлының сабмишіні ұнады. Дегенмен әрбір жекпе-жек қызық өтті. Жастардың ішінен Тимур Серікұлын атап өтуге болады. Даниял да жақсы.

Жыл соңына дейін өткізетін алты турниріміз бар. Гран-приді аяқтаймыз. 84 кило салмақта Шамилов – Тайсұлтанов жекпе-жегі титулды болады. Жабраилов пен Орынбай, Адамов пен Зубков арасында да чемпиондар анықталады. 77 кило салмақта бразилиялық және дағыстандық мықты спортшылар бар. Жыл соңына дейін титулдық жекпе-жек өтуі мүмкін», - деді лига президенті 5q.kz сайтына.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или